Елбасы: Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстың эталоны

207

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастары мемлекетаралық байланыстың эталоны болып табылады деп, атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімі барысында, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстың эталоны саналатынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстың эталоны саналады,  стратегиялық әріптестік пен серіктестіктің айқын мысалы. Біздің тығыз ынтымақтастығымыздың арқасында ЕАЭО интеграциялық бірлестігі жұмысы табысты жүзеге асырылуда. Екі елдің ынтымақтастығын нығайту бағыты қос мемлекетте де үлкен қолдауға ие», — деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мемлекетімен арадағы қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны туралы айтты.

«Мен РФ Президенті Владимир Владимирович Путинмен  арадағы қарым-қатынасты жоғары бағалаймын. Оның жақын уақытта өткен сайлаудағы жеңісі Ресей халқының берген жоғары бағасы деп білемін. Қазақстан бұрынғысынша Ресеймен арадағы екіжақты форматты байланысты кеңейтпек», — деді Президент.

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, Түрікменстан Елшісі Тойлы Комеков, Өзбекстан Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Италия Елшісі Паскуале Д’Авино сенім грамоталарын табыстады.

«Баршаңызды Қазақстандағы жаңа дипломатиялық миссияларыңыздың ресми басталуымен шын жүрегіммен құттықтаймын. Жауапты әрі мәртебелі міндеттеріңіз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға серпін береді деп сенемін. Сіздердің дипломатиялық қызметтеріңіз мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезеңдерде болғалы тұр», — деді Қазақстан Президенті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *