Айыппұлды egov.kz арқылы тексеруге және төлеуге болады

146

Елордалық Ішкі істер департаменті 11-30 сәуір аралығында сот орындаушылардың қатысуымен «Борышкер – 2018» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Іс-шара аясында Астана қаласының аумағында, сонымен қатар «Шеп» бекеттерінде көлік ағымын автоматты бақылау жүйесін, электронды планшеттер, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізушілер анықталуда.

Өткізілген ЖПШ жаңашылдықтарының бірі – бұрын автоматты жүйелерде тіркелген ЖҚЕ бұзғаны үшін бұзушыларға айыппұл төлеу туралы хабарлама беріледі және әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда хабарлама алған сәттен бастап 5 тәулік ішінде көлік құралын мамандандырылған автотұраққа қоюға, сондай-ақ КҚТП алып қоюға дейінгі мәжбүрлеп орындау түріндегі шара қолданылатын болады.

«egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz, kaspi.kz, egov.kz, HandyPay, MyPay homebank.kz мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер және т.б., сондай-ақ түбіртекті 8-776-197-23-48 WhatsApp арқылы жіберуге болады», — деп хабарлайды Әкімшілік полиция басқармасы.

Qamqor.gov.kz интернет сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде «узнай о своих штрафах» бетбелгісіне кіресіз, одан әрі көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйесімен жазылған бұзушылықтар болған жағдайда сол жерден аталған бұзушылықтардың фотосын шығарып алуыңызға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *