ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ кеңейтілген отырысы басталды

334

2018 жылғы 13 сәуір күні Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ кеңейтілген отырысы басталды.

Кеңес жұмысына Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, еліміздің жастар ұйымдарының көшбасшылары мен жастар саясаты саласындағы сарапшылар қатысуда.

Күн тәртібінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазіргі қазақстандық жастардың құндылық мақсаттары мен жастар арасындағы мәдени-бос уақыт қызметтерін тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралады.

Шара барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам, мәдениет және спорт министрлері, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері атқарылған жұмыстың есебі туралы баяндама жасап, ұсыныстарын ортаға салады.

Кеңес жұмысына оңтүстік өңірлердің басшылары, жастар белсенділері (Алмсаты қ., Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары) шақырылған.

Іс-шараның бағдарламасы аясында Кеңес мүшелерінің студенттермен, жұмысшы жастармен, сондай-ақ жас кәсіпкерлер және спортшылармен кездесулері өтеді. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды аралау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңес еліміздегі мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталған негізгі сұхбат алаңы болып табылады. Кеңестің жаңартылған құрамына жалпы саны 51 адам мүше. Олардың қатарында орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары, бизнес, білім, мәдениет, спорт және БАҚ өкілдері бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *