ЭКСПО-2017 мұрасы Қытайда таныстырылды

183

ҚазАқпарат — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қытайдың  Шанхай қор биржасының ең ірі сауда алаңында өткен инвестор күніне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компания ұсынған бренд аймағында әлемдегі ең ірі компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мұрасымен қоса «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен, сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бірқатар ауқымды жобалармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Басты мақсат — көрме нысандарын шет елде ілгерілету бойынша жүйелік жұмысын жалғастыру.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *