АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды

АҚШ-тың Қаржы министрі Стивен Мнучин бүгін Ресейге қарсы жаңа санкция жариялайды. Бұл туралы Американың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли CBS News-мен сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net басылымына сілтеме жасап.

 Оның айтуынша, санкция «Асад үшін жабдық әзірлеген немесе химиялық қаруды қолданған» компанияларға қатысты болмақ.

«Барлығы оны сезінеді деп ойлаймын. Біз Асадтың достары – Иран мен Ресей қандай бизнес туралы әңгіме болып жатқанын және санкция жариялағанда қандай сезімде болатынын түсіндіргіміз келеді», — деді ол.

Сонымен қатар, ол РФ билігіне қарсы тағы да санкциялар болатынын айтты.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақті өкілі Вашингтон Асадтың режимі туралы тікелей келіссөз жүргізуге келіспейтінін де жеткізді. Себебі, оның айтуынша, Асад «бетпе-бет» келіссөз жүргізуге «лайықты емес».

Хейли АҚШ Сирияға соққыны соғыс үшін жасамағандығын мәлімдеді.

«Президенттің ең қаламағаны да сол – соғыс. Біз адамдарды өлтіргіміз келген жоқ», — деп түйіндеді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Еуроодақ Дума қаласында химиялық қару қолданған Сирия билігіне қарсы жаңа санкцияларды қарастыруға дайын екенін хабарлаған.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *