Тіл білімі институтының профессорлары ұстаздарға латын әліпбиінің соңғы нұсқасы бойынша дәріс оқиды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы осы жылдың 16, 17, 18 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілігін арттыру курсын» өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Курста А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры Әлімхан Жүнісбеков, С. Демирел атындағы университеттің профессоры,  доцент Құралай Күдеринова, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ латын әліпбиінің соңғы нұсқасы, латын негізді қазақ жазуының емле мәселелері, кірме сөздердің орфографиясы және тағы басқа да мәселелер туралы дәріс оқитын болады.

Курсқа Астана қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан, мектептерден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *