ҚазҰУ-да дәстүрге айналған олимпиада

163

Жыл сайын ақпараттық технологиялар және бағдарламалау бойынша мектеп, қалалық және басқа да олимпиадалар өткізіледі. Әлемде жүздеген жаңа олимпиадалық есептер туындайды. Кейбір есептердің идеясы «нақты өмірден» алынады. Бірақ олимпиадалық есептердің ерекшелігі – олардың барлығы жарыс өтетін бірнеше сағат ішінде шешілетін болу керек. Сондықтан көптеген нақты есептерді практикалық мәнін қысқарта отырып жеңілдетуге тура келеді. Кей кездері олимпиадалық есептердің күрделі түрлері олардың авторларын немесе басқа да біреулерді қызықтыруы және олар қазіргі кездегі ғылыми зерттеулерге негіз болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі.

Жаңа материалды зерттеуге қажеттілік қалай туындалатындығына ерекше көңіл бөлу керек. Олимпиадаға қатысушыларда есепті шеше алмайтын жағдайлар болады, өйткені оған теориялық дайындық жеткіліксіз. Ол сәйкес материалды талдау кезінде оқылатын алгоритмдердің (әдістердің, теоремалардың) практикада қолданылу аясын  қарастырылып отырған есеп арқылы бірден түсінеді. Жаңа білімді алу мағыналы және оны есепте бірден қолдана алатын болғандықтан ол терең пассивке түсіп ұмытады деген ықтималдық азаяды. Сонымен қатар, олимпиадалар жаңа есептерді белгілі есептерге келтіруді жетілдіреді, әсіресе, күрделі есептерді бірнеше қарапайым және жақсы зерттелген есептерге бөлуге болады.

Есептерді шешудің жиі қолданылатын стратегиясы белгілі тәсілдердің, алгоритмдердің және айла-әрекетердің шектелген жиындарының барлық элементтерін сұрыптау және нақты есепке олардың қайсысын қолдануға болатындығын тексеру. Сөйтіп, есепті не қысқарту керек, не белгілі түрге келтіру керек, не ең болмағанда басқа тілде құрастыру керек. Бірақ керекті алгоритмді не тәсілді жылдам табу немесе белгілі алгоритммен есепке келтіру ғылымда маңызды орын алады.

Біздің елімізде бағдарламалау бойынша олимпиадаларды өткізетін белгілі орталықтардың бірі –әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

2003 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде информатика кафедрасы Қазақстан топтарының арасында АСМ бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ширек финалын өткізеді. Чемпионатқа республиканың белгілі ЖОО студенттері қатысады. Сонымен қатар, информатика кафедрасы оқушылар мен студенттер арасында MechMat Open, Inform және Аймақтық пәндік олимпиада тәрізді бағдарламалау бойынша олимпиадалар өткізеді.

Олимпиадаларға қатысу бұл – өмірінің бірнеше жылын өзінің университетінің немесе елінің абройын қорғауға және болашақ қызметіне пайдалы болатын әр түрлі қабілеттіліктерін жетілдіруге арнайтын мүмкіндік. Олимпиададан өткен адамның ғылымға қажеттілігі жас студенттен кем болмайды. Сондықтан ғылыми қызмет абройының жоғарылауы және кең таралуы мұғалімдердің, университеттердің және ғылыми бірлестіктердің мақсаттардың бірі болуы керек.

Аталған еліміздің бетке ұстар үлгілі студенттері мен оқушыларын шақырамыз.

Бағдарламалау бойынша олимпиадалардың өтілу мерзімдері туралы толық ақпаратты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің сайтынан http://www.kaznu.kz/ біле ала аласыздар.

Т.ИМАНҚҰЛОВ, П.ОМАРОВА, А.САЛИМХАНОВА, Г.БЕЙСЕНБЕКОВА




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *