«Ардағы еді түркінің» жаңа фильм көрерменге жол тартты

112

Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай туралы  «Ардағы еді түркінің» фильмі жарыққа шықты. Деректі фильмде алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметін көрсетеді. Кинокартина жиырма жылдан бері әзірленіп келген. Жаңа фильмнің режиссері дүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері Доқтырхан Тұрлыбек. Оның айтуынша, деректі фильмде Мұстафа Шоқай образы жан-жақты ашылды. Тұлға туралы ел білмейтін тың деректер кездеседі.

«Осының нәтижесінде саяси қайраткердің бітім-болмысын жан-жақты аша алдық деген ойдамын. Мұстафа Шоқай кешегі соғыс жылдарында 140 мыңнан астам түркі тектес халық өкілдерін неміс тұтқынынан босатуға көмек бергенін тарихтан жақсы білеміз», — дейді фильмнің режиссері Тұрлыбек.

Қызылорда облысында фильмнің таныстырылымы өтті.  Кинотуындыны түсірген шығармашылық топтың айтуынша, орыс, ағылшын және түркі тілдеріне аудару жоспарланды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *