Қазақстан әлемді ядролық қарусыз өмір сүруге шақырды

91

Корея түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша еліміз жан-жақты ұстаным білдірді.

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хвамен кездесуде алдағы өтетін саммитке уағдаластық танытты. Ресми Астана алдағы уақытта өтетін кореяаралық саммиттен үлкен нәтижелер күтеді, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.

Сыртқы істер министрінің пайымынша, Кореяны ядролық қарудан азат ету Қазақстан үшін тарихи маңызға ие. Алдағы самитте мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсарту сондай-ақ Корея түбегіндегі түйткілдің шешілу жолдары қарастырылады.

«Қазақстан кореяаралық диалогтың қайта қалпына келуін және Корея Республикасы мен Корей Халықтық Демократиялық Республикасы арасында саммит өткізу туралы уағдаластыққа қолдау білдіреді. Астана алдағы уақытта өтетін кореяаралық саммиттен үлкен нәтижелер күтеді және бұл кездесу екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселелесіне серпін береріне әрі корей түбегіндегі шиеліністің түйінін тарқататындығына үміт артады», — деп  Қайрат Әбдірахманов мәлім етті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *