Ауыл шаруашылығы ғылымын қаржыландыру үш есеге көбейеді

182

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мемлекет дамуындағы негізгі факторларын құрайтын  — ғылым, білім, био және ІТ технологиялар, металлургия және өзге де дамытуды қажет ететін басты салалардың бюджетпен қамтамасыз етілу мәселесі кеңінен талқыланды. Ел экономикасының негізгі бөлігін құрайтын — ауыл шаруашылығы ғылымы да назардан тыс қалмады.  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,  ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев: «Шын мәнінде біздің ауылшаруашылық ғылымында қазір қаржылық жағынан қиын жағдай туындап отыр. Өздеріңіз білесіздер, ауылшаруашылық ғылымы қаржыландыру үшін кенжелеп қалған сала. Бізде үш университет 23 ғылми зерттеу институты жұмыс істейді. Сондықтан елбасының жарлығында атап өтілген, біз ауыл шаруашылық ғылымында түбегейлі өзгерістер ендіруіміз керек. Сондықтан мен бұл қаржыландыруды көбейтуді өз міндетім деп санаймын.  Біз биыл ауылшаруашылық ғылымын қалай өзгертіп, толығымыен реформалау керек деген мақсатта арнайы концепциясын жасап үкіметте дәлелдеп, қорғап шықтық. Осыған байланысты ауылшаруашылық ғылымын үш есе қаржыландыруын көбейту жайлы шешім қабылданды. Үкіметте сол шешім бойынша бюджетке өзгерістер енгізіп отырмыз» — деді.

Ғылымды дамыту үшін биылғы жылы мақсатты бағдарламалық нысанды қаржыландыруға 22 жарым миллиард теңге бөлінгелі отыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы министрлігі — 7,6 млрд теңгені құрайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *