Балада қатерлі дерттер туғызатын тәттілер

64

Өткен жылы әлемде бір жарым миллион адамнан обыр дерті анықталды. Онкологиялық аурулар оңайлықпен жазылмайды, әрі ең қауіпті. Ең өкініштісі – бұл аурумен балалар да науқастанады. Қатерлі ісік қаншама баланың өміріне  балта шапты? Әзірге обырмен күресіп, оны толығымен  жеңуге  дәрігерлер қауқарсыз болса да, аурудың алдын алу туралы жинақталған мәлімет аз емес.

Қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетін бірнеше себеп бар. Оған тек тұқым қуалайтын аурулар ғана емес, экология мен дұрыс тамақтанбау да ықпал етеді.

Төменде балалар ұнататын тәттілердің зияны жайында айтылады.

Тәтті тағамдар шығарумен айналысатын өндірушілер өз өнімдерін  теледидар, радио сияқты бұқаралық ақпарат құралдарынан жарнамалау үшін қыруар қаржы жұмсайды. Бүгінде балалар маркетингі жақсы дамыған. Өйткені балалар санасы маркетинг айласын түсіне алмайды.

Қаптамадағы тәтті нандар көпке дейін бұзылмай тұрады, олардың  ыңғайлы орамасын алыс жолға шыққанда алуға болады, әрі балалар үшін шығарылатындықтан,  денсаулыққа қауіпсіз екендігіне күмән келтірмейміз. Дегенмен сарапшылардың айтуы бойынша, тәтті нандар балаларда гипербелсенділік, мазасыздық, аллергия мен қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеліп соғады. Кез-келген тәтті нандарда қант, құрамында фруктозасы бар жүгері шәрбаты, декстроза және TBHQ –  мұнайдан алынатын  химиялық заттек  өте көп мөлшерде болады. Бұлар бала ағзасында жасуша деструкциясын тудырады.

Жемісті желімдер

Желімдердегі жеміс дәмін мұнайдан алынатын эритрозин өнімі береді. Оны кезінде әйелдерге арналған бет әрлейтін косметикалық заттардан да алып тастаған екен. Өйткені ғалымдар эритрозинның қалқанша безінің ісігіне алып келетінін дәлелдеді.

M&M’s

M әрпі бар шоколад кәмпиттері алғаш рет 1941 жылы шығарыла бастады. Қазірде әлемнің 100-ден астам елдерінде сатылады.

Танымал  кәмпиттерде шоколадтың үлесі тым аз. Есесіне химикаттар тым көп. Зерттеулер нәтижесінде кәмпит құрамынан мынадай бояғыштар табылған: Е171, Е104, Е129, Е122, Е124, Е133, Е110, Е102. Бұл химиялық қоспалар балаларда қозғыштықты, үрей мен беймазалықты  арттырып, жүйкені тоздырады. Ал ең қорқыныштысы, кәмпиттегі кейбір қосындылар баланың бас миында қатерлі ісіктердің пайда болуына әсер етеді және ДНҚ қышқылын зақымдайды.

Teddy Grahams

Тәтті «қонжықтардың»  құрамында TBHQ химиялық заттек бар. Бұл зат ДНҚ –ны зақымдап,  баланың тыныс алу жүйесін тарылтады. Ол     сондай-ақ  балалардың жүйке жүйесіне орасан зор залал тигізеді.

«Чипсыларда»  метилбензоат  пен метилфенидат этилды сұйықтығы бар.

Өкінішке орай, балаларға арналған түрлі өнімдерді шығарушылар жасанды бояғыштарды көп мөлшерде  қолданады. Оларды тұтынатын балалар өз денсаулықтарын үлкен қатерге тігеді.

Қантты көп тұтыну бауыр аурулары мен  қант сусамырын тудырады.  Балалар арасындағы  қант сусамырының  жыл сайын  артуы соған дәлел.

Ғалымдардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тәтті бәліштер мен кәмпиттерді үнемі жейтін балаларда көздің көруі нашарлап, бауыр көлемі ұлғаяды, дене құрысады, сал ауруына ұшырайды. Сондықтан оларды түрлі тәттілерден бас тыртқызып, орнын жеміс-жидектермен және көкөністермен алмастырған абзал.

 

Дайындаған Үміт Жұмаділова

takprosto.cc




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *