Ашығу өмірді ұзартады

169

Франциядағы ғылыми зерттеулер Ұлттық орталығының ғалымдары күнделікті тағам мөлшерін азайту приматтардың өмірін ұзартатынын анықтады. Мұндай қорытындыға  ғалымдар маймылдар қатарына жататын лемурларға жасаған тәжірибе барысында келген. Ұзақ уақыт жасалған зерттеу арқылы мамандар лемурлардың жем  құнарлығын 30 пайызға азайтылған кездегі өміршеңдігін бақылаған. Тәжірибе 10 жыл бойы жүргізілген. Тәжірибе тобын  әдеттегі жеммен қоректенген бақылау тобымен салыстырған.

Нәтижесінде аз мөлшерде қоректенген бірінші топтың өміршеңдігі 50 пайызға артқан. Бақылау тобындағы лемурлар 6,4 жасқа жетсе, тәжірибе тобындағы жануарлардың жасы 9,6-ға барған.  Оң өзгерістер обыр мен диабет ауруларының азаюымен, физикалық белсенділіктің артуымен және  когнитивті қабілеттіліктің сақталуымен байқалған.  Тәжірибе тобындағы кәрі лемурлардың ағзасы екінші топтағы  жас лемурлардың ағзасына  пара-пар болған.  Осылайша ашығудың пайдасын әлем ғалымдары жаппай мойындауда.

texnomaniya.ru




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *