Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы облысына келді

199

Алматы облысына жұмыс сапарымен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді, деп хабарлайды Qamshy.kz 

Министр сапарын Талдықорған қаласындағы бірқатар нысандарды, атап айтқанда Көрме кешені, Салтанат сарайы, «Рухани жаңғыру» орталығы, Қаратал жағалауын аралап көруден бастады.

Сонымен қатар салынып жатқан нысандардың құрылыс алаңдарында болды. Іссапар жоспарына сәйкес, министр облыс әкімдігінде туризм саласы бойынша өтетін кездесуге қатысып, Панфилов ауданындағы бірқатар маңызды нысандарға барады деп жоспарлануда.

Дерекөз: Qamshy.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *