Этнографиялық сөздік алты тілде шығарылды

109

Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясы Асқарбек Құсайынов, Әлімхан Жүнісбек және Мирболат Жақыпов секілді академик, ғалымдардың қатысуымен құрастырылған«Қазақ этнографиясының қысқаша 6 тілді сөздігі» еңбегі жарық көрді. Бұл сөздікте ұлттық бет-бей­немізді танытатын, басқа ешбір елде қайталанбайтын 1100-ден аса бірегей танымдық атаулар мен олардың қысқаша түсініктемелері орыс, ағылшын, түрік, қытай және араб тілдеріне аударылып берілген.  Сөздікте салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік, киім үлгілері, құрал-сай­мандар, үй жиһаздары, той-думан ке­зіндегі әдет-ғұрыптар, тағы да басқа ха­лықтық қалыптағы сөздер мен атаулар жинақталған. Кітап отбасы, салт-дәстүр, дәм-тұз, төрт түлік, киім-кешек, ойын-думан, т.б. бөлімдерге бөлінген. Толығырақ, «Ана тілінің» бүгінгі санынан төмендегі сілтеме арқылы оқыңыздар.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=47797




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *