Қазақстанның танымал жазушысы, журналист Сапабек Әсіпұлы қайтыс болды

69

Танымал жазушы, Қазақстан журналистер одағаның мүшесі Сапабек Әсіпұлы өмірден озды. Қаламгер биыл 93 жасқа толатын еді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

 Сапабек Әсіпұлы 1925 жылы 21 қарашада қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын он екі жасында шығырға құлақшы болудан бастады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 жылғы қыркүйектен бастап 1972 жылғы маусымға дейін журналистік жұмыспен шұғылданды: Қостанай облыстық «Большевиктік жол» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл» (кейін «Жаңа өмір» — «Новая жизнь») газетінде жауапты хатшы, редактор болған. 1965-1967 жылдары Жангелдин аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясында аға ғылыми қызметкер, бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген.

«Қазақ қасіреті» (1994), «Қатерлі дерт, қалжыраған халық» (1998), «Танталовы муки степи» (2001) атты кітаптары бар. «Нұрхан Ахметбековтың поэтикалық әлемі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995).

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *