Академиялық алаңға айналған Журналистика форумы

74

Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚазҰУ Алматыдағы ЮНЕСКО Бюросының қолдауымен V Халықаралық Фараби оқулары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «ЮНЕСКО моделі журналистика даярлау бағдарламаларына қолдану барысын: Тұрақты дамуына қосқан үлесі» атты форум өтті.

2017 жылы ҚР БҒМ жоғары оқу орындарының журналистика кафедраларының бастамасымен Alma-Mater of Journalism журналистика клубы құрылды. Алғаш рет Клуб Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің, Қазақстандағы Ауғанстан Елшілігі, Британ Кеңесі, Қырғыз Қоғамдық телерадиокорпорациясы, MediNet халықаралық орталығының қатысуымен, журналистика білім беру мәселелері талқыланған екі күндік форум ұйымдастырды.

Форум жұмысына еліміздің журналистика кафедралары ЮНЕСКО моделіне негізделген журналистерді оқытудың халықаралық стандарттарын талқылады. Ғылыми жиында білім беру модельдерін қолданудағы оңтайлы нәтижеге жеткен елдер тәжірибесі, Қазақстандағы қолдануы таныстырылды. Академиялық ортада Алматы ЮНЕСКО Бюросы сөз еркіндігі мен бұқаралық ақпарат құралдары дамуы жаһандық үрдістерін таныстырды.

ЮНЕСКО Алматы Бюросы директоры Криста Пиккат форумның ашылу салтанатында БАҚ-тың дамуы сапалы журналистикаға ықпалы туралы баяндама жасады. ЮНЕСКО жоғары оқу орындарында журналистика білім беру деңгейі артуына бағытталған модельдерін ұсынады.

ҚР БҒМ Министрі кеңесшісі Майраш Тайкенова осы жиында елімізде журналистика бойынша мамандар дайындайтын 29 кафедрасын Alma-Mater клубына бас қосқанын ерекше атады. Журналистика түлектерінің сапасы қоғам дамуына ықпал етер басты талап саналады.

АҚШ Елшілігі баспасөз-аташесі Рэн Элхай өз сөзінде ақпарат саласында жетістікке жетудің басты талабы — журналистика саласында сапалы білім беру және ол құндылықекенін, еліміздегі үштілділік саясатын қолдайтынын, сондай-ақ үш тілді еркін меңгерген журналист әлемді басқаша көзқараста танитынын айтты.

Форум жұмысы нәтижесінде БР БҒМ Журналистика клубы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары және БҰҰ «Академиялық ықпал ету» Хабының басым бағыттарын негізінде кепілдемелер ұсынылды. Клуб мүшелеері қатысуымен ЮНЕСКО білім беру бағдарламасының ұлттық моделін жасауға, «Журналистика бойынша 100 кітап» тізімін ЮНЕСКО кеңесімен дайындау және қазақша аудару мақұлданды. Журналистиканың ең үзік үрдестерін қамтитын бұқаралық онлайн курстар дайындалады. «Қазақ журналистикасының тарихы» онлайн курсы қазір оқу үдерісіне енгізілген ауқымды қор. Клубтың келесі форумы Түркістан қаласында биылғы жылы қараша айында Орта Азия елдері журналистика оқу орындары қатысумен   өтеді.

Журналистика форумы еліміздің жоғары оқу орындары және дипломатиялық корпустың академиялық алаңына айналды.

Гүлмира Сұлтанбаева




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *