Әзірбайжан антологиясының таныстырылымы өтеді

45

Тамырын түркіден тартатын, қарт Каспийді егіз емген екі жұрт – әзірбайжандар мен қазақтар ежелден етене бауыр. Олардың жақындастығы тек шекарасында ғана емес, шежіресінде, тілінде, сөзінде, сазында да жатыр.

Былтыр жыл соңында «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» деген атпен қазақ ақындарының өлеңдері әзірбайжан тілінде шығып, аталмыш жинақтың тұсауы Бакуде кесілген болатын.

Жуырда «Жаңа заман әзірбайжан поэзиясының антологиясы» деген атпен әзірбайжан ақындары да қазақ тілінде сөйлегелі отыр.

Бауырлас ақындарды қазақ тіліне тәржімалаған ол кітапты «Фолиант» баспасы жарыққа шығарды.

Аталмыш антологияның таныстырылымы Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында Елорда төрінде 25 сәуір күні сағат 13.00-де «Көрме» залында өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *