Алматының коммуналдық саласында кадрлық өзгерістер болды

123

Алматының коммуналдық саласында кадрлық өзгерістер болды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек апта сайынғы аппараттық кеңес барысында мегаполистің коммуналдық саласының жаңа басшыларын таныстырды. «Алматы Су» қалалық кәсіпорнының бас директорлығына Ермек Үсенбаев тағайындалды. Өз кезегінде, Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің басшысы атанды.

Бүгінгі тағайындауға дейін Ермек Үсенбаев Алматы қаласының Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болған еді. Ол түрлі жылдары Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Оңтүстік» және «Алматы» ӘКК-лар басқармасы төрағаларының орынбасары қызметтерін атқарды.

«Алматы Су» біріккен кәсіпорны жаңа басшысының алдына технологиялық процесстерді автоматтандыру, шығынды оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру сынды бірқатар міндеттер қойылды. Бұлардан өзге, өндірісті модернизациялауды, инженерлік желілерді және жүйелерде апатты азайту үшін қондырғыларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет.

Бұрындары «Алматы Су» кәсіпорнын басқарған Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды. Ол түрлі жылдары. Астананың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары және басқа да қызметтерді атқарған.

Жаңа басшы алдына кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыру, жылудың нормативті және нормативтен жоғары шығындарын азайту, өндірістік процесстер мен қызмет көрсетудіі цифрландыру міндеттері қойылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *