Еңбек кодексіне түзетулер енгізілілді

111

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері талқыланды

Мәжіліс депутаттары осы заң жобасымен жұмыс барысында бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер әзірлеп, енгізген. Ол Елбасымыз ұсынған бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру мақсатында, нақтырақ айтқанда, үшінші бастамада айтылған «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» жағдайыны ауқымды жүзеге асыруды көздейді.

Мәселен, 75 мың орынды жаңа жатақханалармен қамтамасыз ету үшін — депутаттар студенттерді жатақханаларда орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және жатақхана құрлысын инвестициялық басым жоба ретінде анықтауды ұсынды.

Олардың барлығының нақты есебі жасалып, тиісті мемлекеттік органдармен жан-жақты пысықталған.

Жалпы алғанда, Еңбек кодексіне және тағы үш Заңға жоғары оқу орындарының қызмет нәтижелерін, мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында түзетулер енгізілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *