Жақсы сөз – жарым ырыс

206

Ежелгі заманның атақты дәрігері, ғалым, пәлсапашы, Батыс елдерінде Авиценна атымен танымал  Ибн Сина әлемге ғылымның 29 саласынан  450-ден астан еңбек пен мол мұра  қалдырған. Олардың 274 данасы біздің күнімізге дейін жетті. Ибн Сина ортағасырлық ислам әлемінің ең танымал және ардақты ғұламасы болған. Оның қалдырған еңбектерінің арасында медициналық трактаттары ең құнды болып саналады.

Ибн Сина: «Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ» деген екен. Самарқанд әмірлері мен дайлемит сұлтандарының  дәрігері бола тұра, ол көп науқасты ауруынан айықтырып, ажалдан арашалады. Кез келген ауруды сөз арқылы да емдеп-жазуға болады деген пікірді ұстанды.

Біздің психологиялық жағдайымыз бен физикалық денсаулығымыз тығыз байланысты екендігі бұрыннан мәлім.

Психологияда «Махаббат пен сүйіспеншілікті  сөзбен жеткізу адамның өмір қуатын күшейтеді, ал  зұлым сөздер мен  арам ниет адамның қуатын азайтып, мазасын қашырады» деген ереже бар.

Бірде Париж госпитальдарының бірінде қызық жағдай орын алған екен. Психолог Эмили Кьи өз емделушілеріне күніне 3 мәрте «Мен күн сайын өзімді жақсы сезініп келемін» деген сөзді 10 реттен қайталауға кеңес береді. Бір ай өткен соң жазылуға мүлдем үміті қалмаған ауыр науқастар ауруларынан құлан таза айыққан. Медициналық тұрғыдан жазылуы мүмкін емес дерттерден сенім мен жақсы ойлардың арқасында адамдардың шипа табу деректері көптеп саналады. Егер жаман ойласаң, жаманға тап боласың. Ибн Синаның да айтпағы осы еді. Үнемі ауруды ғана ойлап, ол туралы өзгелерге айта бергеннен денсаулық жақсармайды. «Айтылған сөз атылған оқ» сияқты. Ой да сондай. «Адам тек позитивті нәрселерді ойлап, көтеріңкі көңіл күйде жүргенде және позитивті энергиясын айналаға сыйлағанда ғана физикалық және психологиялық денсаулық тепе-теңдігін сақтай алады», дейді психолог мамандар. Сондықтан өмірге оң көзқараспен қарап, ертеңгі күннен тек жақсылық күткен адамның денсаулығы қашанда мықты болмақ.

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *