Қазақстандық делегация Абу Дабиде халықаралық кітап көрмесіне қатысты

180

Бүгін БАӘ елінде «Abu Dhabi International book fair» халықаралық кітап көрмесінің ресми ашылуы болды. Жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық шараға 70 мемлекеттің зиялы қауым өкілі және кітапсүйер оқырмандар арнайы барды. Халықаралық ауқымды жобаға қазақстандық делегация үшінші мәрте қатысып отыр.  Араб әмірлігінде өткен кітап көрмесіне Араб еліндегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф сонымен бірге қазақ полиграфистер қауымдастығы құрамасы қатысты. Көрмеде үш тілде жарық көрген кітаптар ұсынылып,  «Мәңгілік ел» анықтамалық  энциклопедия фотоальбомның тұсауы кесілді.

«Дәстүрлі түрде біздің еліміз де қатысып,  қаншама халыққа рухани байлығымыз таныстырылды. Үш тілде жарық көрген кітаптарымыз елшілік тарапынан сыйға тартылды. Полиграфистер Светлана Назарбаева бастаған «Дәуір» баспасы,  Жадыра Нұрбайқызының жетекшілігімен «Қазақ энциклопедиясы» баспаларынан жарық көрген кітаптар көрмеде орын алды. Светлана ханым «Қазақстанның баспа саласы» жөнінде баяндама жасады», -деп кітап көрмесіне қатысқан журналист Маржан Садвакасова инстаграм парағына жариялады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *