Жеңіс Қасымбек «Жезқазған-Қызылорда» тасжолы қашан жөнделетінін айтты

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2018-2020 жылға арналған респуликалық бюджетте Жезқазған-Қызылорда тасжолын жөндеуге қаржы қарастырылмағанын айтты

Сенатор Мұхтар Бахтиярұлы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектен 427 шақырым болатын Қызылорда-Жезқазған автолжолын жөндеу жұмыстары қашан басталатынын сұрады.

«Бүгінде біз Қазақстан бойынша 4000 шақырымдық республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Оған үлкен қаражат бөлінген. Оның көпшілігі «Нұрлы жол» бағдарламасында белгіленген үш бағыт орталық пен оңтүстікті, Алматы облысын және Астанадан батысқа баратын жолдарын, Атырау мен Ақтауға және шығысқа Өскемен жаққа баратын жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары», — деді Қасымбек Парламент Сенатының бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Қызылорда-Жезқазған жобасы 2018-2020 жылғы бюджетке кірмейді.

«Келесі жобалар тізіміне Қызылорда-Жезқазған жобасы кіреді. Ол жобаларға 2020 жылдан кейін қаржы бөлеміз деп отырмыз. Ал қазір бюджеттен мүмкіншілік жоқ», — деді министр.

Дерексөз: Baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *