Гватемаланың бұрынғы президенті гольф ойнап жатқанда қайтыс болды

135

Гватемаланың бұрынғы президенті және қазірде қала мэрі Альваро Арсу 27 сәуірде 72 жасында қайтыс болды

Мемлекеттің бұрынғы басшысының гольф ойнап жатқанда жүрегі ұстап қалады. Оны ауруханаға жеткізгенмен, дәрігерлер аман алып қалуға үлгермеді.

Альваро Арсу Иригойен республиканың басшысы ретінде 1996 жылы сайланды. Ол басшы болғанда Гватемала Ұлттық революциялық бірлікпен бейбітшілік туралы келісімге қол қойып, елдегі 36 қарулы қақтығысты тоқтатты. Президентке арналған бір кезеңнен кейін ол Гватемала қаласының мэрі болып сайланды және 2007, 2011 және 2015 жылы қайта сайланды.

Дереккөз: Baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *