Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің екінші Жауынгерлік шеруі өтеді

400

Бұл екінші Жауынгерлік шеру. Бірінші Жауынгерлік шеру Жоғарғы Басқолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен елімізде алғаш 2013 жылдың 7-ші мамырында осы «Отар» 40-шы әскери базасында өткен болатын. Белгілі дәстүр бойынша шеруді басқару Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мурат Бектановқа табысталғанболатын.әскери

әскер

сурет

Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери техникалары мен бөлімдері және құрылымдарының жеке құрамы «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында шоғырландырылған. Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында армия құрамалары өздерінің тактикалық шеберліктерін және Қазақстан Республикасының соңғы үлгідегі әскери техникалары мен қару-жарақтарын «Мәтібұлақ» сынақ алаңында тәжірибелі іс жүзінде қолданылуын көрсетеді. Жауынгерлік техника және бүгінгі күні сарбаздар сап түзеп қана қоймай, атыс шеберліктерін осы дайындықта көрсетеді. Парадқа қатысатын жауынгерлердің барлығы психологиялық және саптық даярлық бойынша іріктелген ең үздіктер. Оған кандидаттар ерекше дайындықтан өткізілген әскерилер арасынан таңдалып алынды, ал әскери парад өткізілетін орында шеруге қатысатын бөлімдерді шоғырландыру жүзеге асырылады. Дайындықтың кезінде шеруге тұру тәртібі, шеруге қатысушылардың амандасу элементтері, туды алып шығу және жеке құрамдардың салтанатты жүріп өтуі пысықталады. Жауынгерлік парадқа қатысушылардың күнделікті жағдайларын қамтамасыз ету үшін барлық керек-жарақпен қамтылған далалық лагері ұйымдастырылған 2018 жылғы әскери шеруге 3000 әскери қызметшілер, 300 әскери техникалар мен құралдар және 30 бірлікте ұшу аппараттары қатысады. 2018 жылғы әскери парадтың бұрынғы парадтан басты айырмашылығы мұнда барлаушылар мен арнайы құрамдардың  нақты соғыс қимылында заңсыз әскери топтардың базасын басып алу сәті көрсетіледі. Бұл жауынгерлік  шерудің айырмашылығы барлау бөлімдерінің заманауи қару-жарақпен әскери техника, авиациямен соғыс қимылындағы тактикалық шынайы көріністерді көрсетеді және бірінші рет территориялық (аумақтық)  қорғау бригадаларына әскери тулар тапсырылады. Жауынгерлік шеруде көрермендер Қазақстан армиясының әскери техникалары күштерін іс-қимыл үстінде көре алады.

Қарулы Күштердің арнайы тапсырыс пен арнайы операция бөлімдері өз әскери шеберліктерін көрсетеді.Әскери және әскери транспорттың авиация, жаңарған  С-295 әскери транспорттық самолеті мен СУ-30 көп бағытты истребительдері де жоғары ұшу шеберліктерін көрсетеді. Бұдан басқа да әскери шеруде МИ-17 тік ұшағы, америкалық көп бағытты Хьюи тік ұшағы, Е-145 (Еврокоптер), ракеталық соққы беретін  — МИ-35 ұшақтары қатысады.шеру

«Мәтібұлақ» полигонында мотоатқыштар, танкілер, Т-72, БМП-2 (жаяу әскер әскери машиналары) мен ЗСУ -23-2 (23 мм қосақталған зениттік құрылғы),  ЗПУ – 2 (14,5 мм зениттік пулеметтік құрылғымен)  жасақталған барлау бөлімшелерінің тәжірибелік жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Прима – 9К59 немесе «Прима» — 122,4мм калибрлі дүркін отты реактивті жүйе.

МСТА – 152-мм дивизиондық гаубица.

РСЗО 9К58 «Смерч» — 300 мм калибрлі дүркін отты реактивті жүйе.

шеру

шур

Дереккөз: Qamshy.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *