«Оралман» фильмі көршілес елде екі жүлдеге ие болды

132

«Оралман» көркем фильмі Бішкекте өткен «Ақ Ілбіріс» ұлттық киножүлдесінің екі марапатына қол жеткізді. Кинотуынды «Орталық Азияның үздік фильмі» жүлдесіне ие болса, басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда «Орталық Азияның үздік актері» жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды kazgazeta.kz

«Оралман» фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген еді. Фильм желісінде туған жерінен кетуге мәжбүр болып,  ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. Режиссері – Сәбит Құрманбеков.

Мамыр айының соңында «Оралман» фильмі Австрияда өтетін халықаралық кинофестивальде көрсетілетін болады.

Сонымен қатар «Ақ Ілбіріс» киножүлдесінің «Әлемдік кинематографқа сіңірген еңбегі үшін» мәртебелі жүлдесі Қазақстанның халық артісі, танымал актер Нұржұман Ықтымбаевқа табысталды.

Қырғыздың режиссері Ақтан Арыс Құбат түсірген «Кентавр» фильмі «Ақ Ілбіріс -2018» ұлттық жүлдесінің бас жүлдесін жеңіп алды.  Фильм ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Қадам» ЖШС (кинокомпания) қатысуымен әлеуметтік драма жанрында түсірілген.




One thought on “«Оралман» фильмі көршілес елде екі жүлдеге ие болды

  1. Meirambek D.

    Құрметті қазгазета.кз ұжымы!
    Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

    «ОРАЛМАН» ФИЛЬМІ КӨРШІЛЕС ЕЛДЕ ЕКІ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ деген мақалада
    «Ақ Ілбіріс» киножүлдесінің атауы тиісті
    Сілтемеде қате жазылған! «Ақ Ілбіріс»-тің орнына Адам атамызды жəне оның ұрпақтарын жолдан тайдыруды , арандатушының аты құрғырдың атын #Ақ..# деп жазып қойыпсыздар. Өтініш оны жойып алдыңғы кезде ондай қателік жібермеуді сұраймын! Барша игі жақсылықтарды Аллаһтан тілеймін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *