Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайы Достық үйіне айналады

569

Астанада елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. Бейбітшілік және келісім сарайында елміздің әр облысынан арнайы келген Ассамблеяның өкілдері,  республикалық және өңірлік этномәдени бірлестік төрағалары,  депудаттар мен саяси партия құрамы,  діни бірлестік мүшелері,  дипломаттар мен зиялы қауым өкілдері өзге де азаматтар бас қосты. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты байламға тоқталып,  алда атқарылатын мәселені талқылады. Елбасының сөзіне қарағанда еліміздегі әр ұлттың дәстүрі мен мәдениетін дамытатын жаңа жоспарлар құрылған. Отанымызда тату тірлік еткен өзге ұлттың азаматтарымен берік ынтымақты сақтау,  тұғырлы тәуелсіздігіміздің арқасында ажырамас бірлікте өмір сүруге шақырды. Сондай-ақ, бес әлеуметтік бастама жайлы айтылды.

«Бізде халықтың күнделікті өміріне түбегейлі өзгеріс әкелетін мұндай әлеуметтік бағдарлама бұрын болған емес. Осының бәрі Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанды түрлі бәле-жаладан сақтап келе жатқан елдігіміздің бойтұмары,  ел бірлігін қасиет тұта білгеніміздің арқасы. Әйтпесе өздерің біліп отырсыңдар! Дүниежүзінде көгінде туы,  төрінде билігі болса да, бірлігі қашқан болашағы бұлдыр қаншама мемлекет бар. Біз осыны ұстанып, мызғымас бірлігімізді,  таусылмас ырыс-берекемізді бастау етіп, сеніммен қадам басып келеміз. Осы жолдан таймауымыз керек. Осы бірлікпен жүретін болсақ,  барлық қиындықты игереміз. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға қызмет істейміз», -деді мемлекет басшысы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *