Нұрсұлтан Назарбаев: Бірінші бастама тұрғын үй мәселесін шешеді

262

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында «Бес әлеуметтік бастама» жобасы жайлы сөз етті. Сол бойынша, қазақстандықтар қолжетімді баспанаға қол жеткізе алады. ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қолжетімді баспанаға арналған «7-20-25» бағдарламасы жайлы баяндады. Оның айтуынша басында үйі  жоқ, күйі жоқ азаматтар аталған бағдарлама бойынша тұрғынүймен қамтылады. Шартына қарағанда, жұмысы бар, кез-келген азамат екінші деңгейлі банк арқылы ипотекалық несие алу арқылы қол жеткізеді. Бірінші төлемі 20 пайыздан аспайды. Жылдық үстеме пайызы 7 пайыз мөлшерінде үлестірілмек. «7-20-25» қолжетімді баспана жобасы мамырда бекітіледі. Елбасы ипотекалық несиелерді әуелі жас отбасыларға ұсынуды тапсырды.

«Бірінші бастама тұрғын үйі жоқ адамдарға баспана алуына мүмкіндік береді. Тұрғын үйдің маңыздылығын жақсы білеміз. Сол себепті мен осыны бірінші орынға қойдым. Жаңа шартпен жұмысы бар әр адам баспаналы болады. Барлығын есептедік. Екі бөлмелі пәтер, 50-60 шаршы метр алып, ипотека арқылы төленеді. Отбасындағы екеуі де жұмыс істейтін болса қиын болмайды. Себебі, ол 25 жылға созылған әрі арзан болады. Бірінші төлем 20 пайыздан аспайды. Бұл деген, біздің миллиондаған азаматтарымыз, әсіресе, жас отбасылар мен жастар жұмыс бастаған уақытта жоба арқылы баспана алады»,- деп айтты мемлекет басшысы. 

Дереккөз: tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *