Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлері Мәскеуде бас қосты

188

Сириядағы ахуалды жақсарту мақсатында Түркия, Ресей және Иран елдерінің сыртқы істер министрлері Мәскеуде кезектен тыс кездесу өткізді.

Тараптар араб еліндегі зорлық-зомбылықты азайту үшін оқ атпау режимін сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар елдің аумақтық тұтастығын сақтай отырып, соғысты тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу қажеттігі айтылды. Сириядағы қауіпсіз аймақ құруға кепілгер болған үш мемлекеттің өкілдері 15 наурыз күні Астанада бас қосқан еді. Ол кезде тараптар қауіпсіз аймақ құру әрекеттерін жалғастыру туралы байламға келген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Астана келіссөздерінің келесі раунды 14-15 мамырда өтетінін хабарлаған болатын.

Сергей Лавров, Ресейдің Сыртқы істер министрі:

– Сирияға әуеден жасалған соққы соғысты саяси жолмен шешуге жұмсаған күшіміздің бәрін жоққа шығарды. Бірақ бүгін алған бетімізден қайтпай, елде тұрақтылық орнатуға бағытталған жоспарымызды кезең кезеңімен орындауға сөз байластық.

Мохаммад Джавад Зариф, Иранның сыртқы істер министрі:

– Сириядағы соғыс әскери жолмен шешілмейді. Барлық тараптар осыны түсінуі керек. Сондықтан келіссөздерге жүгінеміз. Саяси немесе әскери қысым көрсету арқылы елдің аумақтық тұтастығына немесе егемендігіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуіміз керек.

Дереккөз:24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *