Есілдің жағасында Батырхан Шөкеновті еске алды

295

Биыл әнші, композитор Батырхан Шөкеновтің өмірден озғанына 3 жыл. Астанада әншіні еске алу кеші өтті. Есілдің жағалауындағы алаңға мыңдаған жұрт жиналды. Батырхан Шөкеновтің еске алу кешінде жас орындаушылар әйгілі әншінің репертуарындағы әндерді шырқап,  халықтың жанын тебірентті. Халық қашанда Батырханның әндерін сағынышпен еске алады. Ол Қазақстан мен Ресей жұртын әнімен баураған талантты композитор. Оның репертуарындағы ұмытылмас,  «Отан Ана»,  «Джулия»,  «Нелюбимая», «Солдат любви» әндері елдің жадында мәңгі сақталады. Әйгілі композитор 15 жыл шығармашылық ғұмырында 6 музыкалық альбом жарыққа шығарған. Әншіні еске алу кешінде өнер көрсеткен жас әнші Әли Оқапов инстаграм желісінде: «Батырхан Шөкенов біздің жүрегімізде мәңгі жасайды», -деп сыр бөлісті. Ал Батырхан Шөкеновтің репертуарындағы бірнеше әнді сахнада орындаған топтың  айтуынша, Батырхан ұмытылмайды. Халқы оның әндерін естелік қылып есте сақтайды.

«Біздің тобымыз «Не любимая»,  «Дождь», «Джулия»,  «Певица и саксафон» және «Твои шаги» деген бес әнді алдық. Қай ән болсын халық бірге айтты. Бұл Батырханды сағынғанның дәлелі», -дейді Айда Ошақбаева кеш барысында. 

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *