30 сәуірде қабылданған жарлыққа сәйкес, бұл шешім Оңтүстік пен Солтүстік уақытын синхрондау үшін жасалған. Енді 5 мамырда Солтүстік Корея сағаттағы уақытты 30 минут алға жылжытады.
Сонымен қатар, басылым мұны Сеул мен Пхеньянның өзара ынтымақтастық туралы шешімінен кейінгі ең алғашқы шынымен жасалған қадамы екенін қоса жазған.
Айта кетейік, КХДР сағаттарын жарты сағат артқа жылжыту туралы 2015 жылы Ким Чен Ынның өзі бұйырған.