Қазақстанда 16 жол учаскесін 2020 жылға дейін ақылы ету жоспарлануда

66

Қазақстанда 16 жол учаскесін 2020 жылға дейін ақылы ету жоспарлануда. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 «Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 469 шақырым Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас учаскелерінде төлем төлеу жүйесін енгшізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 5,5 мың шақырым 13 жол учаскесінде төлем жүйесін енгізуді жобалау жұмыстары аяқталып қалды. Жалпы, 2020 жылға дейін 16 жол учаскесін ақылы ету жоспарлануда», — деді Ж. Қасымбек сәрсенбідегі үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ол халық арасында көлікті пайдалану және көлікке қызмет көрсету саласының рөлі артқанын атап өтті.

Сонымен, 2017 жылы тіркелген автокөлік құралдары 5,3 млн дананы құрады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *