ШҚО-дағы өзен-көлдердің су деңгейі күрт көтерілді

104

Соңғы үш тәулікте Шығыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілді. Аймақтағы «Қазгидромет» мамандары таулы жерлердегі Бұқтұрма, Күршім, Қалжыр, Үлбі және Уба өзендеріндегі судың деңгейі 24-тен 77 сантиметрге дейін жеткенін хабарлады.

Бұл шекті деңгей саналмағанымен таулы өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін. Ал өзендердің күрт көтерілуіне үш туәлік толассыз жауған жауын-шашын әсер еткен. Оған таулы аудандардағы еріген қар суы қосылған. Дегенмен «Қазгидромет» мамандары өзендердегі судың деңгейін әр екі сағат сайын өлшеп, мониторинг жасап отыр. Ал алдағы 3-4 тәуілікте күн райы күрт салқындап, кейбір таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауып, ауа темпратурасы -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *