АҚШ-та әскери ұшақ автожолға құлады

107

Американың Джорджия штатында апатқа ұшыраған С-130 әскери-тасымал ұшағының бортында 9 адам болған. Алдын ала болжам бойынша, тоғыз адам да қаза тапты

«Біздің білуімізше, ешкім тірі қалған жоқ», — деп мәлімдеді Эфингем округіндегі шериф бөлімінің ресми өкілі Джина Бильбо.

Әскери ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін автожолға құлады. Полиция қызметкерлері осы уақытта жолда көлік болмауын ғажайыпқа балады.

Апатқа ұшыраған ұшақ Пуэрто-Рико ұлттық гвардиясының 156-авиациялық бөлімшесіне тіркелген.

Дереккөз: Baq.kz

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *