Қанат Алпысбаев: «Цифрлық темір жол» Қазақстанның логистикалық ахуалын жақсартады

517

«Цифрлық темір жол» жобасы бойынша жүк, жолаушылар тасымалы, теміржол қызметі, көлік логистикасында заманауи ақпараттық жүйе қызмет көрсетеді. Бұл туралы 2018–2022 жылдарға арналған салалық «Цифрлық темір жол» стратегиясының атқарылу барысы туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» басшысы Қанат Алпысбаев баяндады.

Оның айтуынша, заманауи ақпараттық жүйе арқылы жолаушылардың қызметін жеңілдету көзделген. Жолаушылар  интернет ресурсын пайдалана отырып, электронды билет алу, пойыздардағы қызметтік ахуалмен жақын танысуға мүмкіндік алады. Өткен жылы жолаушылар 64 пайыз электронды билет сатып алуға қол жеткізген. Бұл көрсеткішті  2020 жылға дейін 90 пайызға жеткізу жоспарда бар.

 «Қазіргі таңда клиенттердің өтінімдерін 24/7 режимінде орталықтандырылған басқару желісін енгізу жоспарда бар, бұл клиенттердің арыз, шағымдарына жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, кері байланысты дамытады», — деп Қанат Алпысбаев түсіндірді.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы экономикалық тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

Қазір бағдарлама бойынша   шығындарды азайту, жолдың цифрлық диагностика жобасын енгізу, пойыздардың қозғалысын қадағалау сонымен қатар теміржол вокзалдарының қызметін қарқынға келтіру қызу жүріліп жатыр.

Цифрландыру арқылы транзиттік тасымалдарды оңтайландыру қолға алынды. Оған 1700-ден астам клиент қатысқан. Сондай-ақ , «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА процестерін автоматтандыру жүйесі енгізілген. Бұл көліктің өтуін 10 минуттан 30 секундқа дейін қысқартады.

«Тапсырыс беруді өңдеу уақытын қысқарту мен аса оңтайлы логистикалық бағдарды анықтау мақсатында «бір терезе» қағидасы бойынша мультимодальді тасымалдарды басқарудың біріктірілген платформасы енгізіліп жатыр», — дейді Қ. Алпысбаев.

 Дереккөз: primeminister.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *