Бауыржан Байбек «Атакент» территориясын қала меншігіне қайтарды

119

Алматы әкімінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес және Жер комиссиясының шешімінің негізінде «Қазақстанның «Атакент» іскери серіктестік орталығы» АҚ-мен 23 гетар аумақтағы жер теліміні жалға беру келісімі бұзылды

«Атакент» ҚІСО жалпы аумағы 54,1 гектар. 31 гектар жер жекеменшікте, оның 17 гектарында сауда орындары, қоанқүйлер мен спорт кешендері орналасқан.

  «Қазіргі кезде Алматы әкімдігі құқық беретін құжаттарды тексеріп жатыр. Игерілмеген 14 гектар жерге пайдалану бойынша шектеу қойылды.

12 сәуірде Бауыржан Байбек «Атакент» ҚІСО аумағын қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырған болатын.  «Басқарушы компанияның аумақты дамыту бойынша өзіне жүктелген міндеттерін орындамауына байланысты қала басшысы келісімді бұзып, жерді қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы заңдцы шешімді дайындауды тапсырған», — деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бауыржан Байбек көрме аумағында болып қайтақананнан кейін 15 күнен соң асфальт алынып тасталды, Pine Hill кафесі алынып, 400 ағаш отырғызылды. 200-дей жұмысшы әкімнің ескерту айтқан олқылықтарды түзеумен айналысып жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *