Отан соғысының әскери тұтқындары жайлы деректер жарияланды

322

Жеңіс күні қарсаңында ҚР Ішкі істер министрлігі «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» атты сервисін іске қосты. Енді кез келген адам сайттың оң жағында орналасқан бөлім арқылы қажетті ақпарат ала алады.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында «Ұлы Отан соғының әскери тұтқындары» атты сервис ашылды. Онда соғыс кезінде тұтқынға түскен әскерилер мен Германиядан қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтары туралы ақпарат жарияланған. Сонымен қатар, сервис базасына соғыс кезінде тұтқынға түскен кеңес солдаттарының фильтрациялық істерінен және трофейлік карточкаларынан алынған мәліметтер қосылған. Аталған базаға Екінші дүниежүзілік соғыстың 60 мыңнан астам әскери тұтқынына қатысты ақпарат қосылған, олардың басым бөлігі неміс тұтқынында қайтыс болған.

«Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» сервисіне әскери тұтқындардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты, туған жері (республика, облыс, қала, ауыл), соғысқа дейін тұрған жері, жұмыс орны және лауазымы, әскери атағы, қашан және қайдан шақырылды, әскери бөлімнің атауы және лауазымы, тұтқынға алу уақыты мен жері, тұтқында болған жері, мұрағаттық іс нөмірі сияқты деректер қосылған.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәлемітенше, әскери тұтқындар туралы мәлімет — тұтқында қайтыс болғандардың туысқандары үшін аса маңызды ақпарат. Сонымен қатар, осындай тарихи деректер тарихшыларға, өлкетанушылар мен журналистерге қажет.

«ІІМ порталындағы бұл сервис біздің республиканың ғана емес, таяу және алыс шетелдің азаматтары үшін пайдалы болады деген үміттеміз. Әскери тұтқындар жайлы цифрланған деректер базасын құру және оны жариялау -тарихи әділдікті қалпына келтірудегі игі іс», — дейді баспасөз қызметі.

 

Дереккөз: baq.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *