Назарбаев Юрий Померанцевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

119

ҚР Президенті Жарлығымен М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артисі Ю.Б.Померанцевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Ю.Б.Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК артисі Юрий Борисович Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президентi Н.Назарбаев

Дереккөз: Baq.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *