Дінмұхаммед Бақытұлы шахматтан әлем чемпионы атанды

268


Алматылық алты жасар Дінмұхаммед Төлендинов шахматтан әлем чемпионы атанды, деп Kazgazeta.kz жазады Алматы арнасына сілтеме жасап.

Бас жүлдені жеңіп алған Дінмұхаммед Бақытұлы Төлендинов жарыста Әзірбайжан мен Моңғолияның спортшыларын басып озды.

Дінмұхаммед шахмат ойнауды интернет арқылы үйреніпті. Бес жасында шахмат тақтасымен танысса, аз  уақытта үлкен нәтижеге қол жеткізуі күтпеген оқиға. Қазір тіпті шахмат ойнаудан әкесін жолда қалдырады. Баласының қабілетін байқағанда Димашты бірден шахмат секциясына жетеліп барады.

Ал Дінмұхаммедтің жетекшісі ойын баласы болса да, үлкендермен жарысатынына таң болып жүр. Алайда, ойын барысында әлсін-әлі жалқаулыққа салынатын көрінеді. Дінмұхаммед Төлендинов 6 жасында әлем чемпионы атанды. Бұдан кейін де талай жарыстарда ойын көрсетеді. Алдағы уақытта шахмат ойынының шеберлігін шыңдай түспек.

«Димаш бізге келгенде 3-ші разрядта болған. Топқа алына салысымен тез дами бастады. Бір айтқан затты тез үйреніп алады. 3 айдың ішінде 1-ші разрядты орындады. Содан кейін біз Димашпен жеке дайындала бастадық. Профессионалды түрде жұмыс істедік. Нәтижесінде, әлем чемпионы атанды. Алты жасар бала шахматтан жаһандық жарыста бас жүлде алу деген үлкен жетістік.

6-шы, 7-ші және 8-ші турда Димашқа өте мықты қарсыластар түсті. Әсіресе, Әзірбайжан шахматшылары қиындық туғызды. Алайда, біздің балақай үшеуін де жеңіп, чемпион атанды», — деді халықаралық гроссмейстер Александр КАШАШВИЛИ.

Дінмұхаммед Төлендинов қарашада Испанияда жасөспірімдер арасында жүрілетін жарысқа қатысады. Қазір қызу дайындыққа кірісіпті. Жеті күннің алтауын шахмат ойынына арнайды. Дінмұхаммедтің әкесінің айтуынша,  жеті жасындағы жетістігіне жеткенше асық.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *