Бүйректі зақымдайтын 10 дәрі

29

Дәрілік заттардың көп бөлігі ағзаны емдеумен қатар, бүйрекке орасан зор залалын келтіретінін білесіз  бе? Бүйрек  қан сүзгілейтін қызметті атқарады. Ағзаға түскен кез келген уытты, зиянды заттар алдымен бүйрекке еніп, сол жерде өзгертіліп, зәр арқылы сыртқа шығады. Денедегі   кішкене қос мүшенің көмегімен  қан  күніне бірнеше мәрте тазаланады.

Бүйрек ауруларын анықтаудың қиындығы соншалық, аталған  мүшелер қызметінің 90 пайызы жоғалғанда да, сіз ешқандай белгілерді байқамауыңыз мүмкін.

Зиянды дәрілер

Бүйректі едәуір зақымдайтын дәрілер нефротоксинды препараттар ретінде белгілі. Бұл заттардың  улағыш әсерінен 25 %-да бүйрек қызметінің дисфункциясына, яғни бұзылуына соқтырады.  Сондықтан бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл түріне шалдыққан адамдар  белгілі бір дәрілерді қабылдамас бұрын, міндетті түрде дәрігер кеңесін алғаны жөн.  Төменде адамдардың едәуір көп бөлігі қабылдайтын антибиотиктер мен анальгетиктердің тізімі берілген.

  1. «Ципрофлоксацин», «Метициллин», «Ванкомицин», сульфаниламидтер секілді антибиотиктер бүйрек қызметін зақымдап, қатты шөлдеу, несеп жодарының ауыруы, зәрдің шықпауы, немесе шамадан тыс көп болуы, белдің ауыруы, қан мен несепнәрдегі креатинин көрсеткішінің жоғарылауымен көрініс береді.
  2. «Ацетаминофен» анальгетигі және стероидты емес қабынуға қарсы «Ибупрофен», «Напроксен», «Парацетамол», «Аспирин» дәрілік заттары бүйректегі қан айналымды азайтып, олардың зақымдалу қаупін арттырады. Сондықтан ауруды басатын дәрілерді аса қажеттілік жағдайында немесе аз мөлшерде қабылдау керек.
  3. ЦОГ-2 іріктемелі баяулатқыштары, оның ішінде «Целекоксиб», «Мелоксикам», «Нимесулид», «Набуметон», «Этодолак» препараттарын қабылдаған кезде бүйрек жеткіліксіздігі туындауы мүмкін.: креатинин мөлшерінің жоғарылауы, өліеттену, өткір нефрит, яғни бүйректің қабнуы, нефроздық синдром.
  4. Қыжылдауды басатын «Омепразол», «Ланзопразол», «Пантопразол» дәрілік препараттарын күніне екі рет қабылдау бүйректің созылмалы ауруының пайда болу қаупін 46 %-ға арттырады.
  5. «Ацикловир», «Индинавир» «Тенофовир» вирустық жұқпалар, оның ішінде  АИТВ, герпес індеттеріне қарсы қолданылады.Бұл қауіпті дәрілер созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін тудырып, мүшенің түрлі ақауларына әкеледі.
  6. Қан қысымының жоғарылауына қарсы қолданылатын «Каптоприл», «Лизиноприл», «Рамиприл» дәрілік препараттары бүйрек қызметін нашарлатады.
  7. Ревматоидтық артритке  қарсы «Инфликсимаб» дәрілік заты, қызыл жегі мен безгекте қолданылатын «Хлорохин» мен «Гидроксихлорохин»  көп жағдайда өлімге әкелетін бүйректің созылмалы жеткіліксіздігін тудырады.
  8. Депрессияға қарсы препараттарды ішетін адамдардың өткір бүйрек жетіспеушілігіне шалдығу қаупі сегіз есеге артады. Мысалы: «Амитриптилин», «Доксепин», «Флюоксетин» дәрілік заттары.
  9. «Интерферон», «Памидронат», «Карбоплатин», «Цисплатин», «Хинин» химиялық препараттары.
  10. Несеп айдайтын дәрілік заттар нефропатия бүйрек дертіне әкеледі.

Жоғарыда аталған дәрілік препараттарды көп мөлшерде қолданатын адамдармен қоса, ішімдікке әуес адамдарда бүйрек жеткіліксіздігімен қатар, бауыр жеткіліксіздігі де жиі туындайды.  Сондықтан бүйрегіңіз зақымданбасын десеңіз, ағзаға пайдасынан гөрі зияны көп тиетін дәрі-дәрмектер мен ішімдіктен бас тартқан дұрыс.

takprosto.cc




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *