Синоптиктер Қазақстанда демалыс және мереке күндеріндегі ауа райына болжам жасады
«Алдағы екі тәулікте суық арктикалық ауа ағындары күн райының салқындауына ықпал етеді. Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды», — делінген хабарламада. Кейін антициклонның келуіне байланысты жауын-шашын тоқтайды. Антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысып, республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды. 9 мамырда көптеген облыстарда күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Тек Қазақстанның қиыр солтүстік аудандарында 8-9 мамырда жаңбыр жаууы ықтимал.
Дереккөз:ҚазАқпарат