Троицк қаласында «Айқап» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі құрылды

204

2018 жылдың 26 сәуірі күні Қостанай облысымен шекаралас Челябі облысының Троицк қаласында «Айқап» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі құрылды. Тұсаукесерге Троицк қаласындағы жергілікті атқарушы билік қатысып, құттықтады, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар жүргізуге келісті.

«Айқаптың» негізгі мақсаты қазақ диаспорасының өкілдері ұлттық құндылықтарды жоғалтпай, жас ұрпақтың ата-дәстүрлері мен тілімізді ұмытпауы үшін жаңа серпіліспен жұмыс істеу. Бірлестіктің құрамында 25 адам бар. «Айқап» қоғамдық ұйымы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қостанай облыстық филиалымен және Қостанай облысты әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады.

Челябі облысында 40 мыңға жуық қандастарымыз тұрады. Соңғы жылдары жастардың ұлттық құндылықтарға деген ынтасы ерекше. «Айқап» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігін құрған ынталы топ оның жұмысына жастарды тартуды ойластырып отыр.

Жаңадан құрылып отырған «Айқап» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі ең алдымен диспора өкілдері арасында, жастарға қазақ тілін үйретуді қолға алатын болады.

Қостанай облысы әкімдігінің

тілдерді дамыту басқармасының

бөлім басшысы

Б.Сүлейменова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *