Наурыз мейрамын тойлады

629

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Қазақ тілі білімінің тарланы, академик Өмірзақ Айтбайұлының шаңырағында Наурыз мерекесі тойланды.

Мереке кезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай, бүгінгі ұрпақты ұлттық құндылықтарға, отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, халықтардың достығы мен ынтымақтастығын, татулығы мен бірлігін насихаттауға бағытталған театрландырылған көріністер, әр алуан қойылымдар көрсетіліп, мазмұны терең мәдени-рухани іс-шаралар өткізілді.

Кеште А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері жарыс ұйымдастырып, онда 9 бөлім сайысқа түсті. Наурыз мерекелік думанын ғалым хатшы Мейрамбек Таубалдиев пен филология ғылымының докторы Қарлығаш Айдарбек жүргізді.

Мерекелік кешке ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерден Қажыбек, Гази әлемдік ғылымдар институтының докторанты Осман Қабадайы, филология ғылымының докторы, профессорлар Телғожа Жанұзақұлы, Асқар Жұбанов, Зейнол-Қабден Бисенғали, Жамал Манкеева, Әлімхан Жүнісбек, Қыздархан Рысберген, Ғарифолла Әнес, Бағдан Момынова, Орынай Жұбаева және т.б. қатысты. Аталмыш шара кезінде сөз сөйлеген А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек мерекелік кешке келген көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

Шара барысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері ғұрыпталып, Наурыз думанының көрігі қыза түсті.

Түтiнi будақтап, алыста қалған ауылды еске түсiретiн қазан-ошақта пiскен ас пен бауырсақтан, наурыз көжеден дәм татқан ағайын, тамаша мерекелiк шаттық пен көңiл-күйге бөлендi.

 Мейрамбек ТАУБАЛДИЕВ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *