Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы жүлделі қайтты

451

Малайзияда өткен Азия чемпионатында   көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіспен оралды.

Көркем гимнастиканың бас бапкері Әлия Юсупованың айтуынша, 2011 жылдан бері сарыла күткен алтын. Алина Әділханова осы күнге дейін талмай жаттыққан еңбегінің нәтижесін қортындылады.

«Мен бірнеше жүлдені жеңіп алдым, бірақ, көпсайыстан олжалаған алтыным мен үшін ең қымбат. Өйткені, бұл барлық түрден жинаған ұпайлар қорытындысы. Ең бастысы, мен үшін жақсы өнер көрсетіп, бапкерімнің көңілінен шығу болды. Ал баға туралы ойламауға тырыстым. Енді Азия ойындарына дайындалатын боламыз», — деп көңіл-күйін жеткізді көркем гимнастика жеңімпазы Алина Әділxанова.

 Қазақстандық  спортшылар Регина Сұлтанова, Даяна Жақыпова, Әнел Талғатбек, Джессика Будник, Жанерке Дәулетқұловалар топтық құрамада көрсеткен ойыны бойынша екінші орынға шықты. Бұл спорттық сайыста сәтті ойын көрсеткен  Жапония құрамасы алтынға қол жеткізсе, Малайзия спортшылары  қоланы місе тұтты.  Жасөспірімдер арасындағы топтық жаттығулардан Аруана Садубаева, Балқыз Елшібе, Дильноза Мансур, Ясмин Алиева, Дерия Токдемир сынды қыздарымыз күміс жүлдегер атанды.

«Біздің қыздар жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Көпсайыстан, жеке, топтық жаттығулардан олжаланған жүлделерді айтпағанда, юниорлар арасында Роза Абитова Буэносе-Айроста өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Сонымен қатар, ол осы спорт түрінің жеке түрлерінен үш алтынды жеңді. Осылайша, біз елге жақсы нәтижелер және көңіл-күймен оралдық», — дейді бас бапкер Әлия Юсупова.

Дереккөз: Baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *