Маңғыстау облысында экологиялық қауіпті аймақтар көгалдандырылады

255

Ақтау тұрғындарының салауатты өмірі көгалдандыру арқылы орындалып келеді. Былтыр Қошқар ата көлінің жағалауына мыңдай тал-терек отырғызылған. Қала маңындағы Қошқар ата көлінде 100 миллион радиоактивті улы қалдық қалып қойған. Экологтар мейлінше көгалдандыру арқылы удың бетін қайтаруға болатынын жеткізді.

Биыл көлдің жағасындағы 30 гектар аумаққа ағаш отырғызылды.

Ақтаудан 20 шақырым қашықтықта Кеңес дәуірінен сақталған екі бірдей уран карері бар. Батыр мен Баянды ауылының экологиялық ахуалы көңіл көншітерліктей емес. Сондықтан  тереңдігі 100 метр аумақты қоршап, тал-терек отырғызып көгалға айналдыру жоспарланған.

Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысы Руслан Төкеновтің сөзіне қарағанда, улы қалдықтар қалған аумаққа асықпай зерттеу жүргізу керек: «Ол уран карьерін әрі қарай пайдалану-пайдаланбауды уран бағытындағы жұмыс жасап жатқан мамандарды тарта отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы анықтаймыз. Зерттеу жұмысының қорытындысымен әрі қарай ол жерден уран алуға бола ма, қандай көлемде жатыр, қандай мақсатта пайдалануға болады, оны сол саладағы мамандармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, шешім қабылдау керек деп ойлаймын».

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *