Үндістанда дауылдан кейін мыңдаған адам тіршіліксіз қалды

290

Үндістанның Ражаштан қыстағында қатты дауыл 110 адамның өмірін жалмады. Желдің жылдамдығы кенеттен артып, соңы жойқын дауылға ұласқан. Қыстақ тұрғындарына төнген қауіпке байланысты аймақта 48 сағат төтенше жағдай жарияланды.

Қатты соққан дауылдың салдарынан  тұрғындар зақымдалып, тұрғынүйлердің күлі көкке шықты. Табиғи апат электр сымдарын істен  шығарып, ағаштарды қиратқан. Дауыл соққанда бас сауғалап үлгермеген адамдарды  жел ұшырып кетті.  Ражаштанның іргесіндегі Уттар Прадеш  аймағында да дауыл орын алды. Дауылдан кейін 73 адам бақилық болғаны анықталды. Апаттан аман қалғандар дене жарақатынан жапа шеккен.  Бір сәтте табиғи апат мыңдаған адамды баспанасыз қалдырды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *