Астанада Жеңіс лентасы тегін таратылады

1152

6-9 мамыр аралығында Жеңіс күні қарсаңында «Жеңіс лентасы» атты патриоттық акция шеңберінде «Бәйтерек» монументінің алаңында, Студенттер саябағында және де «Хан шатыр» ОСО алдында сағат 10:00-ден 18:00 дейін «Жеңіс лентасы» мен төсбелгілер таратылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының тілегін ескерген Астана қаласының әкімдігі 5 мамыр күні (сағат 10:00-нан 18:00 дейін) «Бәйтерек» монументі алаңында жеңіс лентасын тарататын орынды ашты.

Жеңіс лентасы ұзындығы 30 см жібек матадан жасалған, ені 3 см аспан түстес және ортасына ұлттық нақыштағы алтын түсті ою-өрнек жүргізілген. Лентаның ұшына Отан соғысының Ордені (деңгейі көрсетілмеген) бейнеленген, ол халқымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен жаужүрек батыр екендігін білдіреді.

Лента «9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар» атты жазуы бар төсбелгімен бекітіледі.

Дереккөз: baq.kz

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *