Мунтазер аль-Заидидың өмірін өзгерткен оқиға

219

АҚШ-тың экс президенті Жорж Бушке етігін лақтырған Ирак елінің журналисі Мунтазер аль-Заиди саясатқа бет бұрды. Келесі аптада Иракта парламенттік сайлау жүріледі. Мунтазер аль-Заиди парламенттік сайлауға түсіп, халық қалаулысы атанбақ. Қазір  ол 39 жасқа жетіпті.  Осыған дейін журналист 9 ай түрмеде жазасын өтеді. 2008 жылы Бағдат қаласындағы Жорд Буштың баспасөз мәлімдемесінде  президентке етігін жіберіп қалған. Бұл әрекетін құптағандар да,  айыптағандар да болды. Мұсылман елдері оның ісін ерлікке балады. Себебі журналистің зығырданын қайнатқаны Жорж Буштың Иракка жасаған басымшылық әрекеті болатын. Көп уақыт өтпей,  оны темір торға қамап,  Ливанға жер аудартқызды. Ливанға қоныстанғаннан кейін Мунтазер аль-Заидидың үлкен қызы дүниеге келді. Оның айтуы бойынша өткен іске өкінген емес. «Мен істеген әрекетім үшін ешқашан опық жеген емеспін. Сол кез қайта келсе,  бәрібір солай жасайтын едім», -дейді баспасөз мәлімдемесінде Мунтазер аль-Заиди мырза.

Дереккөз: Agence France Prese




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *