Францияның азаматтық әуеавиациясы «Air France» компаниясы шығынға батты

163

Франция әуе кеңістігі  авиациясындағы алпауыт компания «Air France» шығынға ұшырап, қызметін тоқтатуға шақ қалды. Соңғы деректер бойынша,   әуе серіктестігінің табысы 14 пайызға кеми түскен.

Өткен айда компанияның жұмысшылары қызметтен шегінгені одан бетер істі насырға шаптырды. Қызметі бәсеңдеген компания 220 миллион евро зиян шекті. Компания директоры  Жан Жанайяк қол астындағыларға жаңа еңбек шартын орнатып, кері шақырса да, арыздарын қайтарып алмапты. Мұндай жағдай компания тарихында бірінші болған келеңсіздік. Осыған  байланысты, Францияның қаржы министрі компания өкілдерімен мән-жайды ұғыспақ болды. Кеше Бруно Мейр «Компания арықарай жұмыс істеуді тоқтатады»,-деп қадап айтты. Айта кетсек,  «Air France-KLM» бас серіктестігінің 14.3 пайызы Франция үкіметінің еншісіне тиесілі болған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *