Бүгін Қазақстанның солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, найзағай, жел соғып, бұршақ болуы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түседі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Кей жерлерде тұман, найзағай  күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күшті 15-20 м/с болады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *