Лондон білім іздеп баратын қолайлы қала болып белгіленді

153

Жақында QS ғылыми орталығы әлем елдеріндегі ЖОО-на қатысты сауалнама жүргізді. 50 мың студент арасында жүргізілген зерттеуге қалалардағы университеттер тізімі, мәдениет ерекшелігі, қызмет істеу мүмкіндігі және  тұрмыстық тіршілігі  арқау болған.  Осы бойынша Ұлы Британияның астанасы Лондонда білім алу кез келген студентке қолайлы екені белгілі болды.

Лондонда сапалы оқу ордалары мен  әйгілі университеттер,  музей-көрмелер,   театр мен кинотеатрлар, студенттерге арналған асханалар қатарлы мәдени ошақтар жиі кездеседі.  Бұл жерде оқудың ерекшелігі жұмыс беруші мекемелерге жол ашық. Университет бітірген түлектер кедергісіз қызмет істеуге мүмкіндігі мол екені айтылады.

Бұл тізімді Париж бен Канаданың астанасы Монреал жалғастыра түседі.  Франция халықаралық туристер мекені болғандықтан әлемнің әр қиырынан баратын шетелдіктер онсыз да көп. Шетелдік студенттер жалғызсырамай-ақ, стреске түспей жүре алатын көрінеді.

Ал студенттердің армандар мекенін Токио қаласы толтырады. Мұнда адамдардың бас амандығы мен таза табиғи орта қалыптасқан. Токио мен Амстердамнан кейін Канаданың Торонто қаласы білім іздегендер үшін таптырмайтын мекен болып саналады. Студенттердің қалауы бойынша Австралиядағы Мельбурн мен Сидней қаласы әлемдік нарыққа жайлап еніп отыр.  Бұл елдегі тұрмыстық ахуал студенттерге де әсер етеді екен.

Білімге құштар оқымыстылар үшін  шетелде білім алудан  асқан бақыт жоқ. Ал әлем елдерінің астанасында оқудың ерекшелігі айтпай-ақ белгілі. Зерттеу орталығының сауалнамасының ондық тізіміне Американың ЖОО кірмепті. Өткен жылы жүргізілген сауалнамада Францияда білім алу сәннен қалыспайтын  мүмкіндік болған еді.  Бұл елдерге білім іздеп баратындар сынақтар тапсырып, қабілеті арқылы оқуға қабылданады. Университеттерге байланысты жүргізілген сауалнамада таныстың көмегімен немесе басқа айламен білім алуға жол жоқ.

Дереккөз: BBC




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *